Облыс орталығында Республика күніне арналған дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.
Облыс орталығында Республика күні қарсаңында өңір тұрғындары үшін дәстүрге айналған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.Іс-шараға облыстың барлық аудандарынан келген 100-ден астам тауар өндіруші қатысты. Сауда сөрелеріне 1200 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі шығарылды. Олардың қатарында ет және сүт өнімдері, балық, көкөніс, бал, кондитерлік және өзге де тағам түрлері бар. Жәрмеңкедегі бағалар нарықтық бағадан 10–15 пайызға төмен .