
Оперативті деректер бойынша 2025 жылғы 16 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында астық және бұршақ дақылдары 3,0 млн га алаңда жиналды — бұл егіс алқаптарының 98,2%. Барлығы 6,2 млн т астық бастырылды, орташа өнімділік — гектарына 20,8 ц.
Параллель түрде майлы дақылдарды жинау аяқталуға жақын: өңделген алаң — 684,0 мың га, жиналған өнім — 791,3 мың т, өнімділік — 11,6 ц/га.
Астық сақтау инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жалпы сыйымдылық — 7,0 млн т. Астық қабылдау кәсіпорындарының ағымдағы жүктемесі — 50% (қоймалардағы көлем — 1 599,7 мың т). Жаңа өнімнен АҚК-ге 1 509,9 мың т астық түсті, соның ішінде 3-сыныпты бидай — 215,9 мың т.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қолайлы ауа райы күндерін тиімді пайдаланып, жинауды толық аяқтауға және элеваторларда логистиканың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге күш салуда.