Қазақстан халқы Ассамблеясының этномедиация институтын жан-жақты қолдау және «Елдесу және татуласу» қоғамдық жобасын жүзеге асыру жөніндегі XXXIV сессия шешімдерінің аясында 2025 жылғы 29 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық округтері әкімдері, құқық қорғау органдары, білім беру ұйымдары мен СҚО ҚХА активистеріне арналған семинар-тренинг өткізілді. Шараны ҚХА Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы ұйымдастырды.
Іс-шараға ҚХА Хатшылығы секторының меңгерушісі Қайрат Баймолдинов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті басқармасының басшысы Бекжан Сарсембаев, ҚХА Этномедиацияның республикалық кеңесінің төрағасы Шерзод Пулатов, «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС Этномедиация орталығының директоры Луиза Узарова қатысты.
Кездесудің мақсаты – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қатысты негізгі мәселелер бойынша алдын алу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Қатысушылар мемлекеттік органдардың, оқу орындарының және ҚХА қоғамдық құрылымдарының өзара іс-қимыл тетіктерін, этномедиацияның заманауи құралдарын, оқиғалардың алдын алу мен оларды конструктивті шешуге бағытталған практикалық дағдыларды дамыту жолдарын, сондай-ақ қоғамдағы диалог пен келісімнің тұрақты тетіктерін қалыптастыру мәселелерін талқылады.