СҚО оқушылары сын сағаттарына дайындалуда

СҚО оқушылары сын сағаттарына дайындалуда

Жаңа оқу жылы енді басталып жатса да еліміздің оқушылары алдағы олимпиадаларға, байқауларға және емтихандарға дайындық жасауға кірісіп кетті. Тереңірек дайындалуға арнайы оқу-жаттығу лагерьлері көмектеспек. Бұл жайт Солтүстік Қазақстан облысында да басталады.

Қызылжар ауданында «Серебряный бор» лагерінің базасында 4–6 қыркүйек аралығында жаратылыстану-математика бағыты бойынша оқу-жаттығу жиындары өтізіледі. Оған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, 7–11 сыныптан іріктелген 37 оқушы қатысады. Шараны ұйымдастырушы «Қызылжар дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы.

Жиынның мақсаты – төрт пән бойынша (биология, химия, математика, география) олимпиадаға терең дайындық жүргізу. Сабақтарға Астана қаласындағы EDLIGHT ACADEMY білім беру компаниясының тәжірибелі жаттықтырушылары тартылған.

Бағдарламаға практикалық сабақтар, күрделі есептерді шығару, кеңестер беру және жиі кездесетін қателерді талдау енгізілген. Сонымен қатар, кестені қатысушылардың soft skills дағдыларын дамытуға арналған мотивациялық тренингтер мен әр оқушының тұлғалық әлеуетін ашуға бағытталған кешкі интеллектуалдық ойындар толықтырады.