
1 тамыз күні Достық үйінде Медиация күніне арналған дөңгелек үстел өтті.
Жиында этномедиация институтын дамытуға бағытталған «Елдесу және татуласу» жобасының тұжырымдамасы, сондай-ақ этносаралық шиеленістің алдын алу және дауларды бейбіт жолмен шешу мәдениетін ілгерілету мәселелері талқыланды.
Іс-шараға СҚО ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Этномедиация кеңесінің мүшелері, прокуратура мен полиция департаментінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында этномедиация жүйесін одан әрі нығайтуға қатысты ұсыныстар айтылып, келесі жылға арналған басым бағыттар айқындалды.
Іс-шара соңында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Кемел Оспанов қатысушыларды құттықтап, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.
Дөңгелек үстел ашық диалог пен қоғамдық келісім, бірлікті нығайтуға бағытталған күш-жігерді біріктіру алаңына айналды.
Руслан Самаев,
Этномедиация орталығының үйлестірушісі