
Балаларға арналған сауықтыру лагері «Достықта» «Құқық және жасөспірім» атты профилактикалық іс-шара өтті. Ол «Қауіпсіз жаз» акциясы мен «Заң және құқық» республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараны ұйымдастыруға Петропавл қаласы КММ «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері қатысты. Кездесу қатысушыларының қатарында колледж студенттері, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері, сондай-ақ нашақорлық қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Зарина Попова болды.
Шара интерактивті форматта өтті: дәріс ойын-викторина түрінде ұйымдастырылып, құқықтық мәселелерді талқылауды жасөспірімдер үшін қолжетімді әрі қызықты етті. Қатысушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы мәлімет алды, заңды сақтау маңыздылығын, жеке қауіпсіздік пен өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік мәселелерін талқылады.
Мамандар мен шақырылған сарапшылар құқық бұзушылықтардың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша тәжірибелік ұсыныстарымен бөлісті. Ерекше назар жасөспірімдердің денсаулығын қорғау, зиянды әдеттердің алдын алу және жазғы кезеңде құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелеріне аударылды.