Петропавлда «Заң және жастар» атты интерактивті кездесу өтті

Петропавлда «Заң және жастар» атты интерактивті кездесу өтті
23 шілде күні С. Мұқанов атындағы кітапханада «Заң және жастар» және «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыптарында интерактивті кездесу өтті. Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталды.
 
Кездесуге мемлекеттік органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар мен жастар ұйымдарының белсенділері қатысты. Қатысушылар заңгерлерге, прокуратура мен полиция қызметкерлеріне, білім беру ұйымдары мен ҮЕҰ өкілдеріне тікелей сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
 
Кездесу барысында маңызды тақырыптар талқыланды:
- жастардың құқықтары мен міндеттері;
- құқықбұзушылық үшін жауапкершілік;
- құқықтық қоғам қалыптастырудағы жастардың рөлі;
- азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жолдары.
 
Кездесудің спикерлері:
•Мамлютов Закиржан Харисұлы – СҚО әкімі кеңесшісі, “Qz media portal” ЖШС директоры, қалалық мәслихат депутаты, СҚО ПД жанындағы нашақорлықтың алдын алу кеңесі төрағасының орынбасары;
•Зарина Попова – полиция капитаны, СҚО ПД есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі;
•Соловьёв Евгений Александрович – «Солтүстік Қазақстан облысының құқықтық қолдау орталығы» ҚБ директоры;
•Нұрмағамбет Нұртас Айбекұлы – экстремизмнің алдын алу және оңалту жұмысы бөлімінің басшысы.
 
Жастар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар мұндай іс-шаралардың құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен жас ұрпақтың жауапкершілігін арттыру үшін маңызды екенін атап өтті.