2025 жылғы 17 шілдеде Петропавл қаласындағы «Көктем» жасөспірімдер клубында жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз балалық шақ» профилактикалық іс-шарасы өтті. Іс-шараны Петропавл қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ және Қалалық балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беру орталығы ұйымдастырды.
Акцияға Петропавл қаласының жасөспірімдер клубтарының оқушылары қатысты. Қатысушылар үшін мазмұнды бағдарлама дайындалды: командалық спорттық-сауықтық жарыстар, интеллектуалдық викториналар, тақырыптық ойындар мен конкурстар ұйымдастырылды. Барлық іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттауға және жасөспірімдер арасында есірткіге деген теріс көзқарасты қалыптастыруға бағытталды.
Қазылар алқасының құрамында СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары болды. Олар жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, есірткіні қолданудың қаупі мен салдары туралы айтты, сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жастардың нашақорлықтың зиянды салдары туралы ақпараттану деңгейін арттыруға, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытуға ықпал етеді.