Kozybayev University үздік түлектері СҚО-да салтанатты түрде марапатталды

Kozybayev University үздік түлектері СҚО-да салтанатты түрде марапатталды

Петропавлда жаздың ең жарқын оқиғаларының бірі - Kozybayev University түлектеріне арналған «SAMGAU-2025» салтанатты диплом тапсыру рәсімі өтті. Ашық аспан астында ұйымдастырылған шара қаланың орталық алаңында өтті. Мұнда 300-ден астам үздік оқыған студенттер мен белсенді жастар, сондай-ақ ұстаздар, ата-аналар мен құрметті қонақтар жиналды. Түлектерді құттықтап сөз сөйлеген СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетұлы альма-матердің өңірдің адами капиталының қалыптасуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Бірінен соң бірі түлектер сахнаға көтеріліп, көптен күткен дипломдарын - білімнің, еңбектің және жеке жеңістің нышанын алды. Әрбірінің артында оқу жылдары, жарқын студенттік өмір, сүйікті ұстаздар, сессиялар, тәжірибелер, жетістіктер мен қиындықтарды жеңу жолы жатыр. Алда - жаңа қалалар, тың идеялар, жобалар мен жетістіктер күтуде.

Кешті қазақстандық танымал орындаушылар IL’HAN мен Қанат Ерланның өнері көркейтіп, кештің шынайы мерекелік рухын арттырды. Музыка, алғыс сөздері мен түрлі-түсті мантиялар - осының бәрі тек университет емес, бүкіл өңір мақтан тұтатын үлкен оқиғаның бір бөлігіне айналды.

Биыл 1500-ден астам түлек диплом алды, олардың 980-нен астамы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған. Ерекше мақтаныш тудыратын жайт - үздіктер саны жыл сайын артып келеді. Көптеген түлек магистратура мен докторантурада оқуын жалғастыруды, сондай-ақ Қарулы күштер қатарында қызмет етуді жоспарлап отыр. 84%-дан астамы қазірдің өзінде жұмысқа орналасқан. Бұл - кадр даярлау сапасының жоғары деңгейін және жас мамандардың еңбек нарығында сұранысқа ие екенін дәлелдейді.