Петропавлда «Тәуелділіксіз болашақ» атты Teach-in форматындағы диалог алаңы өтті

Петропавлда «Тәуелділіксіз болашақ» атты Teach-in форматындағы диалог алаңы өтті

Петропавл қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы кітапханада «Тәуелділіксіз болашақ» атты Teach-in форматындағы диалог алаңы өтті. Іс-шараны Петропавл қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ нашақорлыққа қарсы «Есірткіге жол жоқ!» айлығы аясында ұйымдастырды.                 Диалог алаңына қала колледждерінің студенттері, құқық қорғау органдарының өкілдері мен есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл саласындағы мамандар қатысты. Шақырылған спикерлер қатарында – киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Подчернин В. А., аға жедел уәкіл, полиция капитаны Балацкая М. И., сондай-ақ есірткі қылмыстарына қарсы басқарманың жедел уәкілі, полиция капитаны Попова Зарина Садуовна болды.     

Іс-шара барысында қатысушылар жастар арасында есірткі тарату, әсіресе интернет кеңістігінде, сондай-ақ психобелсенді заттарды қолданудың денсаулыққа, әлеуметтік және кәсіби өмірге тигізетін зардаптары туралы маңызды мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, қазіргі заманғы қауіп-қатер жағдайында цифрлық сауаттылық пен сыни ойлау дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінді.                                                                                  

Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында есірткіге деген теріс көзқарас қалыптастыру, зиянды заттардың зияны туралы ақпарат беру, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және қоғамды нашақорлыққа қарсы күреске жұмылдыру.                       

Мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға құқық бұзушылықтың алдын алу, интернет арқылы есірткі таратудың жолын кесу және оған қарсы тұру жөнінде пайдалы кеңестер ұсынды.                          Мұндай іс-шаралар жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған маңызды құрал болып табылады және жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.