2025 жылғы 12 маусымда сағат 15:00-де Петропавл қ. «СҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында мүгедектігі бар адамдар арасында «Иппотерапия» тренингі өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы: «АРДОС – Жүрек» мүгедектер бірлестігі» ЗТБ. Иппотерапияның негізгі мақсаты-мүмкін болатын физикалық, психоәлеуметтік және жеке оңалту және мүмкіндігі шектеулі адамды бейімдеу. Иппотерапия емдік дене шынықтырудың бір түрі ретінде келесі негізгі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: - ауруға байланысты гипокинезияның теріс әсеріне қарсы тұру; - физикалық белсенділікті дамыту; - бұзылған функцияларды қалпына келтіруге ықпал ету; - кәсіби оңалтуды қамтамасыз ету, жаңа дағдыларды қалыптастыру немесе жоғалған дағдыларды қалпына келтіру; - мүгедектердің қоғамға интеграциялануына ықпал ету, олардың мүмкіндіктерінің көкжиегін кеңейту.
23 адам қатысты.