Меню
Страницы

Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік жарияланымдарға конкурс жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік жарияланымдарға конкурс жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» КММ өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік жарияланымдарға конкурс жариялайды.

Конкурсқа облыстық БАҚ журналистері қатыса алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидатын нығайтуға бағытталған телебағдарламалар, деректі фильмдер, телевизиялық сюжеттер, интернет-жарияланымдар мен баспа материалдары қабылданады.

Конкурсқа 2026 жылғы 1 қаңтардан 1 қазанға дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар қабылданады. Бір қатысушыдан 3 материалдан артық қабылданбайды.

Материалдарды 2026 жылғы 15 қазанға дейін ұсыну қажет.

Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталады:

  1. Үздік интернет-жарияланым;
  2. Үздік телевизиялық жұмыс;
  3. Үздік баспа жарияланымы.

Конкурс туралы толық ақпарат пен материалдарды мына мекенжай бойынша ұсынуға болады: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 4-қабат, 407-кабинет.

Телефон: +7 (7152) 46-55-95
Электрондық пошта: dvp.smi@sqo.gov.kz

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері