Экологиялық акцияға облыс әкімі – Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Ғауез Нұрмұхамбетов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен белсенділері, негізгі конфессиялардың өкілдері, депутаттар Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары, ҚХА депутаттық тобының мүшелері, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Петропавл қаласы колледждерінің студенттері қатысты.
Ағаш отырғызу орнында «Бірлік Аллеясы» деген жазуы бар ескерткіш тас орнатылды.