«Central Asia Тrade Exhibitions» ЖШС қала кәсіпкерлерін 2025 жылғы 28-30 мамырда Алматы қаласында, Атакентте, 7-8 павильондарда өткізілетін халықаралық көрмелерге шақырады.
Келесі көрмелер:
- Central Asia Reklam 8-ші халықаралық жарнама, полиграфия, технологиялар және материалдар көрмесі
Көрмелер бөлімдері: сыртқы жарнама, LED технологиясы, сату орнындағы жарнама (POS & POP), адамдар көп жиналатын орындардағы жарнама, цифрлық жарнама, полиграфия, жарнамалық қызметтер, кәдесый өнімдері және брендинг, инновациялық жарнама шешімдері, керек-жарақтар, тоқыма басып шығару.
- 8-ші халықаралық жарнамалық материалдар мен жарнамалық кәдесыйлар көрмесі
Көрмелер бөлімдері: промо өнімдер, VIP сыйлықтар, іскерлік аксессуарлар, жарнамалық кәдесыйлар, корпоративтік сыйлықтар, POS материалдар, презентациялар мен корпоративтік промо-акцияларды безендіру, промоиндустрияға арналған жабдықтар мен технологиялар, сыйлықтар мен марапаттар, өнер және қолөнер.
- Халықаралық баспасөз индустриясы көрмесі
Көрмелер бөлімдері: үлкен форматты басып шығару, жабдықтар мен материалдар, бағдарламалық жасақтама және цифрлық жүйелер, баспадан кейінгі өңдеу жабдықтары, арнайы жабдықтар.
Көрмелер туралы толығырақ ақпаратты 87272663680, 87272663684, 87010689385 телефондары бойынша біле аласыздар(Айнур Алдиярова – менеджер проекта), info@centralasiaexpo.kz.