Солтүстік Қазақстан облысында қоғамдық қабылдау өткізеді

Солтүстік Қазақстан облысында қоғамдық қабылдау өткізеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдерімен бірлесіп коммуналдық салаланың проблемалық мәселері бойынша қоғамдық қабылдау жүргізеді.

Тұтынушыларды қабылдау 2024 жылғы 14 мамыр сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін Facebook әлеуметтік желісіндегі Департаменттің парақшасында тікелей эфирде онлайн режимде келесі сілтеме бойынша өтеді: https://www.facebook.com/profile.php?id=100043427352343.

Осыған байланысты, Департамент облыс және Петропавл қаласы тұрғындарын, басқа да мүдделі тұлғаларды коммуналдық қызметтер мәселелері бойынша қабылдауға қатысуға шақырады.

Сонымен қатар, әр адам өз сұрақтарын Facebook әлеуметтік желісіндегі осы хабарламаның астына қалдыруына болады, тікелей эфир барысында осы сұрақтарға жауап беріледі.

Анықтама үшін телефондар: +7(7152)53-42-30.