Құрметті Петропавл қаласының тұрғындары!

Құрметті Петропавл қаласының тұрғындары!

2024 жылдың 26 наурызынан бастап қала аумағында қардың еру салдарынан жеке секторларды су басты. Сондай-ақ, кәріз коллекторлары мен суағарларға түсетін жүктеменің артуына байланысты, Абай көшесі бойындағы коллектор істен шыққан болатын. Кесірінен тұрғындардың қалыпты тыныс-тіршілігі бұзылып, бірнеше тұрғын үй су астында қалды.
Авариялық жағдайды жою және қоршаған ортамен тұрғындарға  келтірілген шығынды минимизациялау мақсатында қала әкімінің шешімімен 2024 жылғы 4 сәуірден бастап Петропавл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланады.