Құрметті петропавлдықтар!

Құрметті петропавлдықтар!

2023 жылдың 1 қазанынан бастап қалада жылыту маусымы басталады. Тиісті қаулыға қала әкімі қол қойды.

«Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар жылумен қамтамасыз етіледі. Қазірдің өзінде әлеуметтік нысандардан берілген өтініштерге сәйкес жылумен қамту басталған болатын. Бүгінгі таңда 80-нен астам мектеп, балабақша, медициналық және білім беру мекемелеріне жылу берілді.
Содан соң көп пәтерлі үйлерге орталықтандырылған жылу қосылады. Олардың жалпы саны – 1135 үй. Жүктемені біркелкі азайту мақсатында тұрғын үй қорын қосу кезекпен жүргізілетін болады. Жалпы, бүкіл қаланы жылумен қамтамасыз ету үшін 10 күн қажет.», — деді қала әкімі жеке парақшасында