- Акцияның мақсаты
«Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясын (одан әрі – Акция) өткізу мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту, мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге этнос өкілдерін ынталандыру.
- Акцияға қатысу тәртібі
- Акцияға еліміздің 18 жастан асқан этнос өкілдері қатыса алады.
- Акцияға қатысушылар ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабайұлының 130 жылдық мерейтойы аясында ақын шығармаларынан үзіндіні мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2,5 минуттан аспауы тиіс), бейнематериалды әлеуметтік желіде (facebook) #менқазақшасөйлеймін2023 хештегімен кеңінен таратуы тиіс.
- Акция жеңімпаздары бейнематериал астындағы «лүпіл» (лайк) саны бойынша анықталады.
- Жарияланымның астында міндетті түрде мына ақпарат көрсетілуі тиіс:
- қатысушының аты-жөні;
- ұлты;
- оқу немесе жұмыс орны;
- байланыс нөмірі (ұялы телефон);
- ұсынып отырған қала немесе облыс атауы.
- Қатысушыға қойылатын ерекше талаптар
- Қатысушы Мағжан Жұмабайұлының шығармаларынан үзіндіні мәнерлеп жатқа оқуы тиіс. Қатысушының Акция аясындағы материалы көркемсөз оқу талаптарына сай келмеген жағдайда, қазылар алқасының шешімімен «лүпіл» саны ескерілмейді;
- «Лүпілді» арнайы қосымшалар арқылы (бот, т.б.) қолдан көбейткен қатысушылардың лүпіл саны есепке алынбайды.
- Акция жеңімпаздарын анықтау және марапаттау
- Акция жеңімпаздарын анықтау үшін құрамы кемінде үш адамнан тұратын қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде рәсімделеді.
- Акция осы Ереже жарияланған уақыттан бастап 2023 жылдың 4 тамызға дейін жүргізіледі.
- Акция жеңімпаздары «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауы аясында онлайн режимде арнайы дипломдармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.
Байланыс телефондары: 8(7172)740523, 441981, 8(705)1504994, 8(702)9767068, 8(707)9142078.