Құрметті қала тұрғындары!

Құрметті қала тұрғындары!

Петропавл қаласының әкімдігі ағымдағы жылғы 30 наурызда сағат 11.00-де Н. Назарбаев к. 262 мекенжайындағы Жоғары құрылыс – экономикалық колледжінің ғимаратында Петропавл қаласының әкімі Р.Ә. Аңбаевтың халықпен кездесуі және жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауы өткізілетінін хабарлайды.                                             

Барлық ниет білдірген азаматтарға кездесуге Instagram әлеуметтік желілер арқылы онлайн режимде қатысу мүмкіндігі беріледі.              

Өз ұсыныстарыңызды, сұрақтар мен пікірлеріңізді ағымдағы жылғы 25 наурыздан 28 наурызды қоса «Петропавл қаласы әкімінің кездесулері 2023» Telegram-бот қосымшасында (https://t.me/Otchetnye_vstrechy_2022_bot) қалдыра аласыз.

Сондай-ақ, кездесу өткізу күні сағат 11.00-ден 12.30-ға дейін онлайн көрсетілім кезінде 109 телефон нөмірімен «Ikomek» ситуациялық орталығында арнайы анықтама қызметі; 8 778 566 14 04 нөмірімен Whatsapp және «2022 Петропавл қаласы әкімінің кездесулері» Telegram-бот жұмыс істейтін болады, олар арқылы барлық ниет білдірушілер өз сұрақтарын жолдай алады. 

Ұсыныстар мен ескертулер өтініш білдіруші міндетті түрде тегін, атын, әкесінің атын, мекенжайын және байланыс телефонын көрсеткен жағдайда ғана қаралатын болады.