Қаңтардың 25-26 жұлдызында округтік сайлау комиссияларының қатысуымен семинар кеңестері өткізілді

Қаңтардың 25-26 жұлдызында округтік сайлау комиссияларының қатысуымен семинар кеңестері өткізілді

Ағымдағы жылдың 25-26 қаңтарында Петропавл қалалық сайлау комиссиясының мүшелері округтік сайлау комиссияларының төрағаларымен және хатшыларымен алдағы қалалық мәслихат депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу ұйымдастыру бойынша семинар кеңестер өткізді. Кандидаттарды ұсыну және тіркеу бойынша округтік комиссиялардың қызмет мәселелері талқыланды.

Комиссия мүшелерінің өз жұмыс барысында кездесіп қалуы мүмкін әр түрлі жағдайларды талдауға ерекше назар аударылды. Әрбір кейс бойынша нақты ұсыныстар беріліп, сайлау заңнамасы аясында комиссия мүшелерінің іс-әрекет алгоритмдері әзірленді.