Футзал бойынша қала әкімінің кубогы

Футзал бойынша қала әкімінің кубогы

Петропавлда әуесқойлар арасында футзалдан жарыс 3-ші жыл қатарынан өтуде.

Биыл қала әкімінің бастамасы бойынша қатысушылардың қатары артты. Осыған дейін 24 команда қатысса, ағымдағы жылы олардың саны 33-ке дейін өсті. Осылайша кубоктің ойындарына қалалық құрамалардан бөлек, Аққайың, Қызылжар, Тимирязев, Ғ. Мүсірепов, Есіл аудандарының командалары да қатысуда. Сондай-ақ, алғаш рет Ұлттық Ұлан Академиясы мен журналистердің құрамалары да өнер көрсетуде.