Құрметті қалалықтар!

Құрметті қалалықтар!

2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді.

Әр азамат бекітілген тізімдерге сәйкес сайлауға қатысу арқылы өзінің конституциялық құқығын іске асыруға құқылы.

Сайлаушылар тізімдері дауыс беруге арналған нақты учаске аумағында тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу негізінде құрылады.

Тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар орналасқан жері бойынша қала әкімдігіне берген өтініш негізінде тізімдерге енгізіледі.

Осыған байланысты, дауыс беру күні өзінің тіркеу орны бойынша сайлау учаскесіне дауыс беру күніне отыз күн қалғанда немесе 2023 жылғы 17 ақпанға дейін келе алмаған жағдайда, азамат қалалық әкімдікке (1 қабат, 5 терезе) өтініш беруге және өзінің нақты орналасқан жері бойынша сайлау учаскесінде тіркелуге құқылы.

Аталған құқық:

  • дауыс беру күні тіркелген орны бойынша болмайтыны белгілі болған азаматтарға;
  • жатақханадан тыс жерде тұратын жоғары және орта арнайы оқу орындарында оқитын өзге қалалардың студенттеріне;
  • вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтарға беріледі.

Петропавл қаласы әкімдігі ресми сайтының бас парақшасындағы http://izbiratel.sko.kz/ сілтемесі бойынша өтіп, арнайы көрсетілген жолаққа жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізе отыра, сонымен қатар, https://t.me/SailauSkoBot сілтемесі бойынша өтіп TelegramBot арқылы өздеріңізді азаматтар тізімінде тексеруге болады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылғы 4 наурыздан 18 наурыз аралығында өз сайлау учаскелеріңізде өздеріңізді азаматтар тізімінде тексере аласыздар.

Петропавл қаласының әкімдігі