Тұрғындарды бұқаралық спортпен қамту мәселесі қарастырылды

Тұрғындарды бұқаралық спортпен қамту мәселесі қарастырылды

Стадиондар, шағын футбол алаңдары, тренажерлар, волейбол мен баскетбол алаңдары және хоккей корттары. Петропавл қаласында бұқаралық спортпен айналысу үшін 490 спорт нысаны бар. Барлығы тұрғындар үшін қолжетімді.
Сондай-ақ, облыс орталығында балалар мен жасөспірімдерге арналған 13 спорт мектебі мен мектептен тыс орталық жұмыс істейді. Мұнда барлығы 11 мыңнан астам бала спортпен шұғылданады.
Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен аппараттық отырыста айтылды. Халық арасында дене шынықтырумен айналысуды дәріптеу мақсатында өткен 8 ай ішінде 65 шара ұйымдастырылды.
Жиында қысқы спорт түрлерін дамыту турасында да сөз қозғалды. Петропавлда 30 хоккей корты орналасқан, оның 4-еуі – жабық корт. Бұдан бөлек, қысқы маусымда тұрғындар үшін 5 шаңғы трассасы мен 2 конькиді, 2 шаңғыны жалға беру орындары жұмыс істемек.
Халықты бұқаралық спортпен шұғылдануға шақыратын шаралар өз жалғасын таппақ.