Құрметті қалалықтар!!!

Құрметті қалалықтар!!!

Сіздердің 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысу - азаматтық құқығыңызды іске асыруға кең қолжетімділікті қамтамасыз ету аясында Петропавл қаласының әкімдігінде 2022 жылғы 27 қыркүйектен бастап 50-21-75 нөмірлерімен Call-center  - арнайы анықтама қызметі жұмыс істейді.      
Call-center  жұмыс уақыты күн сайын (дүйсенбі – жексенбі) сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Петропавл қаласы әкімдігі ресми сайтының бас парақшасындағы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы кезектен тыс сайлауы бөлімінде http://izbiratel.sko.kz/ сілтемесі бойынша өтіп, арнайы көрсетілген жолаққа жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізе отыра, өздеріңізді азаматтар тізімінде тексере аласыздар.    
Сонымен қатар, @SailauSkoBot сілтемесі бойынша өтіп TelegramBot арқылы өздеріңізді азаматтар тізімінде тексеруге болады.
Сондай-ақ, ағымдағы жылғы 1 қарашадан 19 қарашаны қоса кезеңде өз сайлау учаскелеріңізде өздеріңізді азаматтар тізімінде тексере аласыздар.