Аппарат кеңесiнде «Бизнестiң жол картасы-2025» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру барысы туралы айтылды

Аппарат кеңесiнде «Бизнестiң жол картасы-2025» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру барысы туралы айтылды

«БЖК-2025» бағдарламасы бойынша мемлекеттiк гранттар беру, пайыздық сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау, кредиттерге кепiлдiк беру, өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ оқыту түрiнде қолдау көрсетiледi.

2021 жылы Петропавлда 995 жоба қолдау тапты.

Субсидиялау (кредиттеу) түрiнде — 533 жоба, кепiлдендiру түрiнде — 444 жоба.

Сонымен қатар, 2021 жылы 16 мемлекеттiк грант берiлдi.

2022 жылы БЖК-2025 аясында гранттық қаржыландыруға конкурс өткiзу жоспарланып отырғанын айта кетейiк.

Қала басшысы ақпараттық жариялау арқылы мемлекеттiк қолдаудың әрбiр тетiгi туралы қала тұрғындарын хабардар етудi тапсырды.