Болат Жұмабеков көпқабатты үйлердегi жөндеу жұмыстары жайында баяндады

Болат Жұмабеков көпқабатты үйлердегi жөндеу жұмыстары жайында баяндады

2021 жылы "Нұрлы жер" мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес көп қабатты тұрғын үйлерде жөндеу жүргiзу үшiн 980 млн. теңге бөлiндi. Қазiргi кезде қалада 18 көппәтерлi тұрғын үйде жұмыс жүргiзiлуде. 13 көппәтерлi тұрғын үйде — шатырды күрделi жөндеу, 5 үйде — 10 лифт құрылғысын ауыстыру және орнату.

Осы жерде, үлкен сұраныс бар екенiн айта кету керек, мәселен, 2021 жылы өтiнiмдердi қабылдау кезiнде ниет бiлдiрген үйлер саны 52 болған.

Ағымдағы 2022 жылға жоғарыда аталған бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен тағы 26 үйдi жөндеу үшiн 1 083 млн.теңге қаражат бөлiндi. Тұрғындардың өтiнiмдерi бойынша 16 үйде шатыр жөндеу, қалған 10 үйде лифт жөндеу жоспарлануда.