Қала әкiмi Болат Жұмабеков ПИК төрағаларымен кезектi кездесу өткiздi

Қала әкiмi Болат Жұмабеков ПИК төрағаларымен кезектi кездесу өткiздi

ПИК төрағалары қала басшысына әр түрлi сұрақтармен жүгiнедi: балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, шлагбаумдарды, қосымша бейнебақылау камераларын, тұрақ орындарын, қоқыс жәшiктерiне арналған орындарды орнату, апатты ағаштарды кесу және түптеу және т.б.

Қала әкiмi абаттандыру бойынша жұмыстарды көруге және қадағалауға мүмкiндiк беретiн кезектiлiк туралы еске салды. Жақын арада шлагбаумдарды орнату бойынша осындай кезек жасалады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы балалар алаңдарын орнату бойынша көпфункционалды жобалар әзiрленетiн болады. Яғни, ойын алаңының жобасы әртүрлi жас топтарына арналады.

Кездесулер қаланың шағын аудандары бойынша онлайн режимiнде өтiп жатқанын еске сала кетейiк. Келесi кездесу 2022 жылғы 21.01. Жас Өркен шағын ауданының ПИК төрағаларымен өтедi.