Қала әкiмi Болат Жұмабеков тұрғындарды бос саяжай учаскелерiмен таныстырды

Қала әкiмi Болат Жұмабеков тұрғындарды бос саяжай учаскелерiмен таныстырды

Бұған дейiн мен қала маңындағы бақша егудi сақтау үшiн жауапты қалалықтарға беру рәсiмiн бастай отыра, барлық учаскелерге түгендеу жүргiзудi тапсырған болатынмын.

Ағымдағы жылда 644 жер учаске анықталып, иесiз жылжымайтын мүлiк ретiнде есепке қойылды. Қазiрдiң өзiнде қала тұрғындарының иелiгiне 285 бақша егу учаскесi берiлдi. Барлық рәсiмдер тегiн екенiн атап өткiм келедi. Барлық сайжай учаскелерiнiң саны 47 мыңнан астам. Иесiз жер учаскелердi анықтау жұмыстары жалғасады.

2021 жылдағы бос саяжай учаскелерiнiң тiзiмiмен https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-petropavl/about/structure/departments/activity/17870/1?lang=ru сайтында таныса аласыз.