Аппараттық кеңесте қала әкімі Болат Жұмабеков тұрғын үйлерді бұзу бойынша жоспарланып отырған жұмыстар туралы ақпаратты тыңдады

Аппараттық кеңесте қала әкімі Болат Жұмабеков тұрғын үйлерді бұзу бойынша жоспарланып отырған жұмыстар туралы ақпаратты тыңдады

Ағымдағы жылдың басынан мемлекет мұқтажы үшін 468 жер учаске және жылжымайтын мүліктер иеліктен шығарылды. 2021 жылы барлығы 700 тұрғын үй иеліктен шығару жоспарланып отыр.

Бұзылатын тұрғын үйлердің иелерінің 90% жайлы жабдықталған пәтерлерді таңдағанын атап кеткен жөн. 423отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты.

КПТҮ перспективті құрылысы үшін «Жас өркен» шағын ауданының Горький-Алтынсарин-Позолотина, Горький-Исмайлов-Алтынсарин көшелері шекарасында, «Орталық» Брусиловский-Астана, «Копай» Жұмабаев- Крепостная көшелері шекарасында алу жөніндегі жұмыстар аяқталуда. Жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.

2022 жылы Петропавл қаласында бұзу перспективті аудандары «Жас өркен», «Орталық», «Копай», Береке» шағын аудандары болып қалады.