Пандемия басталғалы Петропавл қаласында COVID-19 11 044 жағдайы анықталып, 2021 жылы 84 адам қайтыс болды.
Атап айтқанда, облыстық орталықта жалпы 885 төсек-орын қорымен, 5 стационар және 1 бөлім ашылды.
Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан ҚР короновирустық инфекция ға қарсы халықты иммунизациялау басталғанын ескереміз.
Халықты вакциналау Петропавл емханаларында, сондай-ақ жылжымалы екпе пункттерде жүргізіледі.
Сонымен қатар, СҚО және Петропавл қаласының аумағында «Ashyg» жобасын енгізу туралы» Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі N44 қаулысы әрекет етеді. СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне «қызыл статуспен» 135 әкімшілік материалдар қарастыру және шешім қабылдау үшін жолданды. Оқшаулану тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК 1-б. 425- бабы бойынша 70 құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.