Тұрғын үй инспекциясы бөлiмiнiң мамандары "Петропавл ТЖБ" РММ қызметкерлерiмен бiрлесiп, 2 қабаттан аспайтын көппәтерлi тұрғын үйлерде, сондай-ақ жатақханаларда орналасқан барлық 55 қоғамдық тамақтану орындарын тексерiп шықты

Өткiзiлген мониторинг барысында объектiлердiң иелерiне және жалға алушыларға өрт қауiпсiздiгiн сақтау туралы жадынамалар, тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын қолданғанда және сақтаған жағдайда қауiпсiздiк ережелерiн бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылатындығы туралы хабарламалар берiлдi. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Бұдан басқа, қаланың аумағында орналасқан, 83 жеке тұрғын үйлерде газгольдерлер орнатылған.

Барлық меншiк иелерiне осы құрылғыларды есепке қою қажет екендiгi туралы хабарламалар жолданды. Жеке тұрғын үйлерде газгольдерлер орнатумен 3 ұйым айналысады: "Арнау-СК", "РОКА" ЖШС, "Алаугаз-СК" ЖШС.

"Газ және газ тұтыну туралы" ҚР Заңының 19-бабына сәйкес, ұйымдар техникалық қызмет көрсетуге шарт жасасқанға дейiн, газгольдерлерге газ құюға құқықтары жоқ.

Кәсiпкерлерге тиiстi хабарламалар жолданады, бұзушылықтар болған жағдайда меншiк иелерiне айыппұл салынады.