Құрметтi қалалықтар!

Құрметтi қалалықтар!

Жылыту маусымының басталуына аз ғана уақыт қалды. Қала тұрғындарынан тағы да жылыту маусымына мұқият дайындалу қажет екенiн, әсiресе жылыту жүйелерiн қысыммен тексеруiн өтiнемiн.

Өкiнiшке орай, өткен жылыту маусымында сапасыз дайындалуға байланысты пәтерлерде температура төмен болған жағдайлар болды. Әрине, жылумен жабдықтау ұйымдарының да жылу жеткiзу проблемалары орын алды. Барлық осындай фактiлер бойынша тиiстi жұмыстарды "Петропавл Жылу Жүйелерi" ЖШС жүргiзедi, бiрақ бiзде жағдайды бақылауда ұстауымыз қажет.