Пандемия кезеңi қаланың денсаулық сақтау ұйымдары үшiн сынақ болды

Пандемия кезеңi қаланың денсаулық сақтау ұйымдары үшiн сынақ болды

Петропавл облыстың барлық аудандарының көптеген науқастарын қабылдады және қабылдайды.

Рекордтық мерзiмде заманауи техникамен жабдықталған, 200 орындық жаңа инфекциялық аурухана салынды. Халықты вакциналау жөнiндегi жұмыстар белсендi жүргiзiлiп жатыр.

Қазiргi уақытта бұл қауiптен өзiңдi және жақындарыңыз қорғаудың жалғыз жолы. Бұл туралы Президент өз Жолдауында айтып кеткен болатын.

Осы мiндеттi iске асыра отыра, Петропавл қаласында 25 егу пунктi және 10 жылжымалы егу бригадалары жайластырылды. Бүгiнгi таңда халықтың ересек санының 73,5% егiлдi.

Осы бағыттағы жұмыстар әлi де жалғасады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында медициналық инфрақұрылымды, дәрiлiк және кадрлық қамтуды жақсарту туралы атап кеттi.

Қойылған мақсаттарды iске асыру үшiн 2023 жылға қарай қалада 500 орындық көпбейiндi аурухананы ашу жоспарланып отыр, "Береке" шағын ауданында бiр ауысымда 250 адам қабылдайтын жаңа емхана құрылысы толық жүргiзiлуде, "Жас-Өркен" шағын ауданында құрылыс алаңы дайындалуда.