«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ
Сұрақ: жұмысқа орналасу мәселесі бойынша қайда жүгіну керек?
Жауап: Сізге жұмыспен қамту орталығына хабарласу қажет (Театральная көшесі, 47, 1 қабат, тел.39-09-66). Бүгінгі күні құрылыс саласында 51 жұмыс орны, 21 жұмыс орны өнеркәсіп саласында, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласында — 77 жұмыс орны, ақпарат және байланыс саласында — 10 жұмыс орны, білім беру саласында — 49.
Петропавлда барлығы 218 бос жұмыс орны бар. Бос орындармен толығырақ сілтеме бойынша таныса аласыз http://petropavl.sko.gov.kz/news/read/Otkryty_vakansii_po_specialnostyam.html?fbclid=IwAR0zeZrnuc0BaRE8WlghQOBBkEnzt1TFbpDgrhNj2zDtfvy7xwAEKoa5X-Q.
Сұрақ: жұмыс беруші соңғы екі айда жалақы төлемейді, қарыз пайда болды.
Жауап: жалақы бойынша берешек болған жағдайда Сізге мемлекеттік еңбек инспекциясына жүгіну қажет (Абай көшесі, 64, 1 қабат, тел.50-33-42).
Сұрақ: егер тұрғылықты жері бойынша тіркелу болмаса АӘК рәсімдеуге бола ма?
Жауап: қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғылықты жері бойынша тіркеу – АӘК тағайындаудың міндетті шарты немесе тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу кезінде кемінде 6 ай.
Сұрақ: АӘК тағайындау кезінде мүгедектігі бойынша жәрдемақы отбасының кірісіне енгізіле ме?
Жауап: отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар ескеріледі.
Сонымен қатар, табыстың келесі түрлері ескеріледі;
Сұрақ: неге мен 42500 теңге төлемді ала алмадым?
Жауап: 42500 төлемді тағайындаудан бас тартудың негізгі себептерінің бірі өтініш берушілерде төтенше жағдай басталғанға дейін 12 ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың болмау фактісі болды. Яғни, егер жұмыс беруші жоғарыда көрсетілген жарналарды аудармаған жағдайда немесе өтініш берушілер еңбек қатынастарын ресімдемей жұмыс істеген жағдайда (жұмыс берушімен еңбек шартын жасасу) тиісінше төлем тағайындаудан бас тартылды.
Аталған себептер бойынша барлығы 6734 өтініш берушіге бас тартылды. ТЖ және шектеу шаралары кезеңінде барлығы 42 500 адам төлем алды
«Петропавл қаласы кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеренария бөлімі» КММ
Сұрақ: Қалада қаңғыбас иттер көп, бұл адамдарға, әсіресе қарттар мен балаларға қауіп төндіреді. Қайда жүгінуге болады?
Жауап: Петропавл қаласының аумағында қаңғыбас жануарларды аулаумен «Петропавл қаласының ветеринарлық станциясы» ШЖҚ МКК айналысады. Қаңғыбас жануарлар анықталған жағдайда «Петропавл қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» КММ (каб.311, тел: 50-27-34) немесе 109 нөміріне хабарласуға болады.
Сұрақ: Мен, ісін жаңа бастаған кәсіпкермін, бизнесімді дамыту бойынша мемлекеттік қолдау шараларына сенім арта аламын ба және қайдан кеңес алуға болады?
Жауап: Бүгінгі таңда мемлекет шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға бағытталған бірқатар бағдарламаларды іске асырылуда, олардың бірі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2025" бағдарламасы болып табылады.
Егер Сіздің бизнесіңіз Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген экономиканың басым салаларының тізбесіне кіретін болса, сіз екінші деңгейдегі банктерде кредиттік қарыздарды ресімдеу кезінде пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдауды пайдалана аласыз. Субсидиялау есебінен кредиттер 6% мөлшерлеме бойынша қолжетімді. Несиелер айналым қаражатын толықтыруға 5 млн.теңгеге дейін, өндірістік қажеттіліктерге – 20 млн. теңгеге дейін беріледі. Қызмет түрлері бойынша шектеулер жоқ. Кәсіпкерге Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін. Сіз кредиттерді кепілдендіру құралдарын салалық шектеулерсіз пайдалана аласыз, кепілдіктің ең жоғары мөлшері – кредит сомасының 85%-ына дейін. Сондай-ақ, сіз нысанға жетіспейтін инфрақұрылымды (газдандыру, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және т.б.) жеткізу бойынша мемлекеттік қолдау ала аласыз. Егер сіз инновациялық жобаны ұсынсаңыз, Сіз мемлекеттік гранттар беру конкурсына қатыса аласыз. Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 2-5 млн.теңгеден бастап беріледі.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №820 қаулысына сәйкес "Қарапайым заттар экономикасы" басым жобаларға жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы жұмыс істейді. Негізгі міндет – ішкі нарықты отандық тауарлармен молықтыру, өңдеу өнеркәсібіндегі және агроөнеркәсіптік кешендегі өндірісті кеңейту және ең алдымен халық тұтынатын тауарлардың кең ауқымын шығару. Толық ақпаратты www.damu.kz сайттан алуға болады немесе "Петропавл қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" КММ-ге (каб.311, тел: 50-27-34) хабарласуға болады.
"Бизнестің жол картасы 2025" шеңберінде экономиканың басым секторларының толық тізбесі: http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1900000968
"Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысы: http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1900001060#z30
"Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 Қаулысы: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1800000820
Сұрақ:Мемлекет қаражаты есебінен біздің кәсіпорынымызға дейін сумен жабдықтау жүргізіп, сол арқылы біздің шағын отбасылық бизнеске мемлекет қолдау көрсете ала ма?
Жауап:"Бизнестің жол картасы — 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қаражат есебінен шағын және орта бизнеске су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін ұңғымаларды бұрғылау), газдандыру, жылумен жабдықтау, су құбырлары, теміржол тұйықтары, телефондандыру, кіші электр станциялары, электр беру желілері және басқалары сияқты жетіспейтін инфрақұрылымды салу және реконструкциялау бойынша қолдау көрсету көзделген.
Бұл қолдауды алу үшін сізге Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына инфрақұрылымды жүргізу немесе жақсарту қажеттілігінің негіздемесін қамтитын инфрақұрылымды жүргізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға өтініммен жүгіну қажет, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:
Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мекен-жайы: Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, каб.514, тел:36-04-02.
Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының ресми сайты:
https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kasipker?lang=ru
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу қағидалары: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1900001060
Сұрақ:Көп пәтерлі үйлердің тұрғындарына шағын дүкендердің ("үй жанындағы дүкендер") маңындағы аумақтан тазаланбаған қар қолайсыздықтар туғызады. Қайда хабарласуға болады?
Жауап:"Үйдегі дүкендер" аумағынан тазаланбаған қар үшін учаскелік полиция инспекторына хабарласыңыз. Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қаланың және елді мекендердің инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру" 505 бабына сәйкес учаскелік полиция инспекторы тиісті шараларын қабылдайды.
«Петропавл қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ
Сұрақ: Ағымдағы жылы тұрғын үйлердің аулаларына көше жаттығу кешендері орнатыла ма? Аулалар қалай таңдалады?
Жауап: Көше жаттығу кешендерін орнату ПИК төрағаларының кеңесі бекіткен тізімге сәйкес, тұрғындардың өтінімдері бойынша жүргізіледі. Биылғы жылы 10 спорт кешен орнату жоспарланып отыр.
Өтініш берушілер өз кезегін Петропавл қаласы әкімдігінің сайтынан көре алады. http://petropavl.sko.gov.kz/page/read/Ustanovka_ulichnyh_trenazherov_2021_god.html?lang=ru
Сұрақ: Менің ұлым «Жастар» стадионында футболмен айналысады. Алайда, ондағы жағдайлар көңіл көншітпейді. Футбол манежын ауыстыру бойынша жұмыстар жасала ма?
Жауап: 2020 жылы біз жасанды жабынды ауыстыру, футбол манежінің конструкцияларын жылыту бойынша жұмыстар жүргіздік. Душ бөлмесі мен киім ауыстыратын бөлмелер ауыстырылды.
Сондай-ақ, футбол манежін орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары 15 ақпанға дейін аяқталады.
«Петропавл қаласы әкімдігінің жер қатынастар бөлімі» КММ
Сұрақ: қараусыз қалған жер учаскелерін алып қою жұмыстары қалай жүргізіледі?
Жауап: Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімімен пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау бойынша мониторинг жүргізіледі, одан әрі мемлекеттік бақылау жүргізу үшін жер инспекциясы басқармасына жолданады.
Байланыс деректері:
Басқарма 8 (7152) 46-74-02;
Бөлім 8 (7152) 46-02-06
Сұрақ: Металл гараждарды бөлшектеу
Жауап: Жер қатынастары бөліміның мамандары полиция қызметкерлерімен бірлесіп гараждардың меншік иелерін белгілейді. Меншік иелеріне бөлшектеу мерзімдері белгіленеді, елемеген жағдайда жауапкершілікке тартылады.
Бөлім 8 (7152) 46-02-06
Сұрақ: Үй салу үшін жер учаскесін қалай алуға болады?
Жауап: Үй салу үшін жер учаскелері дайындалған алаңдарда кезекке сәйкес беріледі. Егер Сіз кезекте тұрмасаңыз, онда кезекке қою үшін жер қатынастары бөліміне өтініш беруіңіз керек.
Бөлім нөмірі 8 (7152) 46-02-06
Сұрақ: Саяжай қоғамдарында тасталған учаскелер бар. Оларды өзіміздің атымызға қалай аударуға болады?
Жауап: Жер қатынастары бөлімімен иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жүйелі негізде жүргізіледі.
Мұндай жерлер анықталған жағдайда бөлім есепке қою үшін Мемлекеттік корпорацияға (ХҚКО) хат жолдайды.
Жер учаскесі иесі жоқ жылжымайтын мүлік ретінде есепте болған уақытта басқа тұлғаға уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін. Иесі жоқ жылжымайтын затты қала әкімдігінің есебіне қойған күннен бастап бір жыл өткеннен сотқа жүгінеді. Сондай-ақ жер учаскесіне жеке меншік құқығынан ерікті түрде бас тартқан кезде жер учаскесін иесі жоқ жылжымайтын мүлік ретінде есепке алу үшін учаске иесінің нотариалды куәландырылған жазбаша өтініші негіз болып табылады және бұдан әрі жоғарыда көрсетілген рәсім жүргізіледі. ТОлық ақпарат үшін 8 (7152) 46-02-06 хабарласыңыздар.
Сұрақ: Коммерциялық мақсаттар үшін жер учаскесін қалай алуға болады?
Жауап: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Жер кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, коммерциялық мақсаттар үшін жер учаскелерін беру сауда-саттық арқылы жүзеге асырылады. Кеңес алу үшін жер қатынастары бөліміне хабараса аласыз. 8 (7152) 46-02-06
«Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ
Сұрақ: үйден шықпай-ақ онлайн режимінде қазақ тілін тегін үйренуге мүмкіндік бар ма?
Жауап: Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап қала әкімдігінің (http://petropavl.sko.gov.kz/) сайтында қазақ тілі бойынша онлайн-сабақтарды жариялау жоспарланған. Оқыту әдістемесі мемлекеттік тілді жылдам меңгеруге мүмкіндік береді.
Сұрақ: кәсіпкерлік объектісінің атауы жазылған маңдайшаны қай тілде және қалай дұрыс ресімдеу керек? Көрнекі ақпаратты орналастыру саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?
Жауап: «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I Заңының 21-бабына сәйкес (құжатқа сілтеме: https://online.zakon.kz/document/?doc_id=1008034#pos=166;-54), бланкілер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға белгілері, басқа да көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде және орыс тілінде, ал қажет болған жағдайда басқа да тілдерде жазылады. Көрнекі ақпараттың барлық мәтіні мынадай ретпен: мемлекеттік тілде — сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде оң жағына немесе төменгі жағына орналасады, бірдей мөлшердегі әріптермен жазылады. Қажет болуына қарай көрнекі ақпараттың мәтіндері қосымша басқа тілдерде де келтірілуі мүмкін. Бұл ретте қаріптің мөлшері нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардан аспауға тиіс. Ауызша ақпарат, хабарландырулар, жарнамалар мемлекеттік тілде, орыс тілінде және қажет болған жағдайда басқа тілдерде беріледі.
Ресімдеу алдында алдын ала объектінің маңдайша жазуының эскизін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы»КММ-мен келісу қажет.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 75-бабы 3-тармағына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін келесі әкімшілік жауапкершілік түрлері қарастырылған:
Сұрақ: И.Шухов атындағы кітапханада кітапты онлайн режимінде ұзартуға болады ма?
Жауап: оқырмандарға ыңғайлы болуы үшін shuhovlibrary.sko.kz кітапхана сайтында «қызметтер» бөлімінде «Кітаптарды онлайн ұзарту» деген қосымша беті бар.
Сұрақ: осы жылы балаларымыздың бос уақытын өткізу үшін жаңа шығармашылық бағыттарды ашу жоспарлануда ма?
Жауап: Ағымдағы жылы мемлекеттік және орыс тілдерінде «ART-ist» театр студиясын (жас санаты 7-ден 15 жасқа дейін); «Deco ART» көркем тобына шығармашылық студияны (жас санаты 5-тен 12 жасқа дейін) ашу жоспарланған, бағдарламада: кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер; кескіндеме, маталар, мүсіндеу, папье-маше аппликациясы. Сонымен қатар Үкілі Ыбырай атындағы домбырада вокалдық шеберлік үйірмесіне балаларды өз сүйемелдеуімен қабылдау жүргізіледі. Көркемдік жетекші Еркебұлан Қарыпов.
«Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» КММ
Сұрақ: Биылғы қаңтар айындағы ҰБТ сертификаты жазда ҚР университеттеріне оқуға түсу кезінде жарамды бола ма?
Жауап: Ережеге сәйкес ҰБТ жылына 3 рет өткізіледі (2 рет ақылы, біреуі дәстүрлі). ҰБТ бойынша шекті балл жинаған оқушылар ҚР университеттеріне түсу кезінде сертификатты пайдалана алады.
Сұрақ: Біз баламызбен ауданнан Петропавл қаласына көшіп келдік. Балабақшаға қалай жолдама алуға болатынын білгім келеді?
Жауап: Қазіргі уақытта порталда 2 жастан 6 жасқа дейінгі жас санатындағы 800-ден астам бос орын бар, кез келген адам кезекке тұрып, бірден жолдама ала алады.
Балабақшаға жолдама алу үшін ата-аналар ИНДИГО24.kz, (INDIGO24.kz) сайтына, жеке кабинетке (тек тіркеу жүргізілген құрылғыдан) кіруі керек.
Қиындықтар немесе басқа да қызықтыратын сұрақтар туындаған жағдайда ата-аналар Қазақстан Конституциясы көшесі, 23 мекенжайындағы қалалық әкімдіктің № 14 кабинетіне келе алады немесе 36-64-19 тел. қоңырау шала алады.
Сонымен қатар, №14 кабинетте ата-аналардың қызметіне өзіне-өзі қызмет көрсету үстелі орнатылған, онда қажет болған жағдайда мектепке дейінгі секторының әдіскерлері автоматтандырылған жүйеде жұмыс істеуге консультациялық және техникалық көмек (сүйемелдеу) көрсетеді.
Сұрақ: Балабақшада бірінші кезекте орын алу үшін қандай тұлғалар жеңілдігі бар санатқа жатады?
Жауап:
Сұрақ: Кім мектепте тегін тамақтана алады және мектепте тегін тамақтануды қалай алуға болады?
Жауап: Тегін тамақтануға:
(жеке куәлік, туу туралы куәлік, неке қию немесе некені бұзу туралы куәлік, баланың мәртебесін растайтын анықтамалар).
Құжаттарды тура
«Петропавл қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ
Сұрақ: Мемлекеттік Туды үйдің балконына орнатуға бола ма?
Жауап: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №801 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын үйлерде және тұрғын емес үй-жайларда), оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлігін білдіру, елдің және оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалануға болады
Сұрақ: карантиндік шектеу шаралары кезеңінде Петропавл қаласының діни объектілері қалай жұмыс істейді?
Жауап: «Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы карантиндік шектеу шаралары туралы» Солтүстік Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №40 қаулысының 3 тармағының 6 тармақшасына сәйкес белгіленген талаптарды сақтай отырып және ұжымдық іс-шараларды өткізбей, діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) қызметіне шектеу енгізілді.
Сұрақ: жазғы уақытта еріктілер Пестрое көлінің жағажайында, Жеңіс саябағында және қаланың басқа жерлерінде экологиялық сенбіліктер өткізді. Осы акцияға қатысу үшін қайда хабарласуға болады және қала еріктілері қатарына қалай қосылуға болады?
Жауап: шынында да, қала еріктілері жыл сайын қаланың қоғамдық орындарында қоқыс жинау бойынша үлкен жұмыстар жүргізеді. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты еріктілер қарттар мен мұқтаж адамдарға қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша ерікті жұмыстарды жүзеге асыруда. Акцияларға қатысу және еріктілер қатарына кіру үшін Петропавл қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығына Н.Назарбаев көшесі, 69 немесе 500-168 телефон нөмірі бойынша хабарласу қажет.
Сұрақ: қоғамдық бірлестіктің басшысы болып табыламын, ағымдағы жылы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың қандай тақырыптарын білгім келеді?
Жауап: Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде көзделген 5 мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс: салауатты өмір салтын қалыптастыру; отбасылық құндылықтарды және қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау; жастар саясаты саласындағы бағдарламаларды іске асыру; радикалды идеологияға терроризмге қарсы сананы және иммунитетті қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды іске асыру тақырыптары бойынша өткізу жоспарланған.
«Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ
Сұрақ: Петропавл қаласының құрылысы туралы ақпаратты қайдан алуға болады?
Жауап: Петропавл қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында құрылыс салу туралы халықты ақпараттандыру бөлімінде (http://petropavl.sko.gov.kz/page/read/Informirovanie_naseleniya_o_planiruemoj_zastrojke.html?lang=ru) облыс орталығының бас жоспары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары орналастырылды.
Сұрақ: Қанша үй салынуда?
Жауап: қазіргі уақытта 22 бюджеттік және 14 коммерциялық көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Сұрақ: Коммерциялық көп пәтерлі тұрғын үйлерді салушылардың телефондарын қайдан алуға болады?
Жауап: Петропавл қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бөлімінде байланыс нөмірлері көрсетілген (http://petropavl.sko.gov.kz/page/read/Otdel_stroitelstva_20171221050740.html?lang=ru)
Сұрақ: Жеке тұрғын үй құрылысын қалай бастауға болады?
Жауап: жеке тұрғын үй құрылысына рұқсат алу үшін электрондық үкімет порталында электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы баламасыз негізде қажет. https://egov.kz/cms/ru/services/532pass_mir) "құрылыс жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" (сәулет-жоспарлау тапсырмасы) қызметін таңдауға және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттарды қоса, өтініш беруге құқығы бар.
Сұрақ: Жаңа үйлерде кепілдік қанша?
Жауап: Кепілдік мерзімі объектіні пайдалануға қабылдаған күннен бастап 2 жылды құрайды.
Сұрақ: Мен дүкен аштым. Дүкеннің белгісі жарнама бола ма? Жарнаманы орналастыру үшін салық есептеле ме?
Жауап: «Жарнама туралы» Заңға сәйкес белгі жарнама емес, салық салынбайды.
Жарнама объектілерін орналастырған жағдайда меншік иесі жарнаманың эскизін және сыртқы жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін ақы төленгені туралы құжатты қоса бере отырып, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне хабарлама жіберуі қажет.
Сұрақ: Жарнаманы орналастыруға келісімді қайдан және қалай алуға болады?
Жауап: жарнаманың эскизі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен келісіледі.
Сұрақ: Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне хабарламай сыртқы жарнаманы орналастыру үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?
Жауап: Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 603-бабы 2-тармағына сәйкес тиісті хабарлама жіберілмеген жағдайда, сыртқы (көрнекі) жарнаманы нақты орналастыру төлемақы сомасын өндіріп алу және бюджетке енгізу үшін негіз болып табылады.
Сұрақ: Салынған үйді қалай заңдастыруға болады?
Жауап: өз бетінше салынған ғимарат сот арқылы заңдастырылады.
Сұрақ: Жер учаскесіне және үйге мекен-жайды қалай тағайындауға болады?
Жауап: мекенжайды беру үшін баламасыз негізде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ арқылы өтініш беру қажет.
Сұрақ: Үйдің эскиздік жобасын қалай келісуге болады?
Жауап: үйдің эскиздік жобасын келісу үшін баламасыз негізде электрондық үкімет порталында электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы қажет. https://egov.kz/cms/ru/services/67-1-2_mir) "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" қызметін таңдауға және эскизді қоса бере отырып өтініш беруге құқылы.
Сұрақ: "Жас Өркен" шағын ауданында 192 пәтерлі үй қашан тапсырылады?
Жауап: 2020 жылғы 14 қазанда құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі Солтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына "Севимсталькон" ЖШС-ға қатысты мемлекеттік сатып алудың жауапсыз қатысушысы деп тану, тұрақсыздық айыбын өндіріп алу және шартты бұзу туралы талап арыз берді. 2021 жылдың 28 қаңтарында аталған нысан бойынша сот отырысы өтті. Қазіргі уақытта құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің Мемлекеттік сатып алудың жауапсыз қатысушысы деп тану, тұрақсыздық айыбын өндіріп алу және шартты бұзу туралы талабы 2021 жылғы 15 ақпанға кейінге қалдырылды. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2020 жылғы 20 қарашадағы №5915-20-00-3/3802 қаулысымен "Севимсталькон" ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру құқығына I санаттағы мемлекеттік лицензиядан айыра отырып, әкімшілік жазаға тартылды. Осыдан кейін үй құрылысын аяқтау үшін мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жарияланады.
Сұрақ: 7-20-25 бағдарламасы бойынша баспана алғым келеді. Коммерциялық тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр ма?
Жауап: қазіргі уақытта 14 коммерциялық көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Петропавл қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде http://petropavl.sko.gov.kz/page/read/Otdel_stroitelstva_20171221050740.html?lang=ru) құрылыс салушылармен байланыс орнатылған.
«Петропавл қаласы әкімдігінің ТҮКШ, АЖ және ЖК бөлімі» КММ
Сұрақ: Аулаларды асфальттау бойынша тізімді кім жасайды? Балалар ойын алаңдарын орнату кезегінің тізімімен қайдан танысуға болады?
Жауап: 2020 жылдың жаз мезгілінде ТКШ бөлімі ПИК төрағаларының Кеңесімен бірлесіп аула аумақтарын кешенді тексеру үшін комиссиялық тексерулер жүргізді (аулаларды асфальттау, балалардың ойын алаңдарын орнату, автотұрақ салу, ауланы жарықтандыру).
Осының негізінде 2021 жылға аулалар кезегі құрылды. Бұл — ТКШ бөлімінің аулаларды абаттандыру мәселесіндегі жұмысын жүйелеуге мүмкіндік береді. Петропавл қаласы әкімдігінің ресми сайтында аулалар кезегімен танысуға болады.
http://petropavl.sko.gov.kz/page/read/Ocherednost.html?lang=ru
Жаңа өтініштер бойынша комиссиялық тексеру ағымдағы жылдың жазғы кезеңіне жоспарланған. Сіздің өтінішіңіз қандай сатыда екенін 46-36-14, 46-18-69, 36-08-41 немесе 87716937275 (ТКШ бөлімінің басшысы) нөмірі бойынша біле аласыз.
Сұрақ: Неліктен жеке секторда қоқыс шығарылмайды? Қоқыс контейнерлері жоқ па?
Жауап: Бұндай мәселе бар. Бүгінгі таңда жеке секторлардан қоқысты 4 мекеме шығарады. Тұтынушылар өздері келісім-шартқа отырулары тиіс. Бірақ, жеке сектор тұрғындарының үлкен бөлігі келісім-шарт жасамаған. Мәселен, Жұмысшы кентінде 23 мың адам тұрады, оның 6,5 мыңы ғана қоқыс шығарушы мекемелердің қызметін қолданады. Яғни, қойылған бактар тек осы тұрғындарға ғана шақталған. Алайда, бактарға қоқысты келісім жасамаған тұрғындар да төгеді. Кесірінен қоқыс үйінділері жиналып қалады.
Бүгінгі таңда ТҮКШ бөлімі қоқыс шығаратын мекемелермен бірлесіп тұтынушылардың санын көбейту мақсатындағы жұмыстарды бастап кетті. Қосымша бактар алуды жоспарлап отырмыз.
Сұрақ: Ауладағы ағаштарды кесу мәселесі бойынша қайда жүгінуге болады?
Жауап: алдымен ПИК төрағасына тұрғындар жиналысын өткізу керек, үй тұрғындарының кемінде 2/3 бөлігінің келісімі бар хаттаманы толтыру қажет. Содан кейін қалалық әкімдікке өтінішпен келу қажет (1 қабат, 125 кабинет). Өтініш қаралады және сіздің мекен-жайыңыз жұмыс жоспарына енгізіледі. Бүгінгі күні Петропавл қаласының ресми сайтында 2021 жылға арналған ағаштарды кесу бойынша аулалар тізімі орналастырылған.
http://petropavl.sko.gov.kz/page/read/Ocherednost_spila_i_kronirov_derevev_2021.html?lang=ru
Сұрақ: өткен жылы Көп қабатты үйлердің қасбеттерін сырлау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілді. Бізге қайда хабарласуға болады?
Жауап: Қасбеттерді сырлау бойынша жұмыстарды орындау үшін қалалық әкімдікке, 125 кабинетке өтінішпен жүгіну қажет. ТКШ мамандары кешенді комиссиялық тексеру жүргізеді, оң қорытынды болған жағдайда сіздің үйіңіз кезектілікке енгізілетін болады.
Сұрақ: Пәтер кезегінің артқа қарай шегіну себебі неде?
Жауап: «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 73-бабының Заңына сәйкес, жыл сайын кезекте тұрғандарды түгендеу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Кезекте тұрғандардың арасында тұрғылықты мекен-жайын ауыстыру, қайта тұрмыс құру сынды жағдайлар кездеседі. Сондықтан арнайы тексеріс жүргізіп, сондай тұлғалар анықталған жағдайда комиссияның шешімімен кезектен алынады. Әр жағдай жеке қарастырылады. Кезекте тұрғандар тұрғын үй комиссиясының шешімімен келіспейтін фактілер бар. Тиісінше, тұрғын үй алу құқығын сақтау үшін азаматтар өз мүдделерін қорғап, сотқа жүгінеді. Сот азаматты кезекке қою туралы шешім қабылдаған жағдайда, әкімдік оны бастапқы қойылған күніне сәйкес өз кезегінде қалпына келтіруге міндетті.
Кезекте қалпына келтірілгендердің әрқайсысы бойынша заңды күшіне енген сот шешімі бар. Бүгінгі таңда 6 азамат сотқа жүгініп, кезектеріне қайтарылды.
Сонымен қатар кезектілік тізімімен келесі сілтеме бойынша таныса аласыз:
http://petropavl.sko.gov.kz/page/read/Ocheryodnost_na_poluchenie_zhilya.html?lang=ru
Сұрақ: Тұрғын үй кезегінің баяу жылжу себебі неде?
Жауап: 2021 жылы тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту жоспарланған. Жыл соңына дейін «Береке» шағын ауданында 556 пәтерлі жалға берілетін үйлерді тапсыруды жоспарлап отырмыз. Пәтерлер халықтың әлеуметтік осал топтары санатында тұрғандар арасында бөлінетін болады. Кезектілік тізімімен келесі сілтеме бойынша таныса аласыз:
http://petropavl.sko.gov.kz/page/read/Ocheryodnost_na_poluchenie_zhilya.html?lang=ru
Сұрақ: Жеке секторда қиыршық тасты төсеуге бола ма?
Жауап: Қала тұрғындары тарапынан қиыршық тас төсеу бойынша жұмыстарды жүргізуге қатысты өтінімдер көптеп түсуде. Өткен жылы 138 көше, саяжай қоғамдарына апаратын 10 жол және 2 зиратқа апаратын жолға қиыршық тас төселді. Ағымдағы жылы біз бұл жұмысты жалғастырамыз, Биыл 50-ге жуық көшені қамтуды жоспарлап отырмыз. Жұмыстар тұрғындардың өтініші бойынша орындалады. Егер сіз бұрын өтінішпен жүгінсеңіз, өзіңіздің кезегіңізді 46-36-14, 46-18-69, 36-08-41 немесе 87716937275 нөмірі бойынша тексере аласыз (ТКШ бөлімінің басшысы)
Сұрақ: Қыс келді, қар тек көшелерде тазаланады, ал дүкендердің жанында қар құрсаулары жатады, өту мүмкін емес? Бізге қайда жүгінуге болады?
Жауап: "Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 13/21 шешіміне сәйкес,Заңды және жеке тұлғалар, соның ішінде жеке тұрғын үйлердің меншік иелері іргелес аумақты өз бетінше тазалайды.Көшелер мен өтпе жолдардан қарды шығару арнайы дайындалған алаңдарға жүргізілуі тиіс. Қарды жергілікті атқарушы органдармен келісілмеген орындарға шығаруға жол берілмейді. Мұндай фактілерді анықтаған кезде ТКШ қызметкерлері ЖПҚ-мен бірлесіп заңға сәйкес айыппұл салады.
Сұрақ: Неге кейбір көшелердегі қар жақсы шығарылады ал кейбір жерде жол жиектерінде қар қалады?
Жауап: иә, бүгінгі күні мұндай мәселе бар. Біз алдын-ала әлеуметтік желілерде, қар тазаланатын көшелердің тізімін, жұмыстардың өту уақытын жариялаймыз. Бірақ, осыған қарамастан, автокөлік иелері көліктерді жол бойында қалдырады, бұл — қар жинау техникасының жұмысын қиындатады. Өз кезегінде ТКШ қызметкерлері автокөлік иелерінің жеке деректерін орнату үшін ЖПҚ шақырады. Бірақ көбінесе бұл көліктер қазақстандық есепке тіркелмеген, бұл — қиындық тудырады және көп уақыт алады.
Сұрақ: Мен пәтер кезегінде 257, ал қазір 1377. Бұған не себеп?
Жауап: ҚР «Тұрғын үй қатынастары жайындағы» заңнамаға еңгізілген өзгерістерге сәйкес, 2010, 2011, 2013 жылы түрлі санаттарға кезекке тұрған азаматтар бір кезекке біріктірілді (әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар.Одан бөлек бұл топқа ауған соғысының ардагерлері, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар,толық емес отбасылар және т.б біріктірілді. Нәтижесінде, 2013 жылы кезекке тұрғандардың кезегі артқа шегерілді.
«Петропавл қаласы тұрғын үй қатынастар бөлімі» КММ
Сұрақ: Биыл көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу (шатырды жөндеу, жеделсатыларды ауыстыру) жоспарлануда ма?
Жауап: Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін қалпына келтіру (күрделі жөндеу) мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысымен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда.
Күрделі жөндеу 15 жылға дейінгі мерзімге қайтарымды негізде жүргізіледі.
Бағдарламаға қатысу үшін құқық белгілейтін құжаттардың толық пакетін ұсыну қажет (№1, №2 хаттама; құрылтай құжаттары, жобалау-сметалық құжаттама, жобаның сараптамасы). Бағдарламаға қатысу үшін өтінімдер «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ беріледі, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23, каб.106, тел. 46-94-77.
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу туралы шешім пәтер иелерінің жалпы жиналысында қабылданады.
КПТҮ күрделі жөндеу ұйымдастыру-технологиялық жобалау құжаттамасына – жобаға (жұмыс жобасына), күрделі жөндеуді ұйымдастыру жобасына және жұмыстарды жүргізу жобаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген кезде күрделі жөндеу кезектілік тәртібімен жүргізілетін болады. (http://petropavl.sko.gov.kz/page/read/Modernizaciya_ZHKH.html?lang=ru)
Сұрақ: Меншік иелерінің бірлестігі (МИБ) қалай құрылады?
Жауап: Көп пәтерлі тұрғын үй мүлкі меншік иелерінің бірлестігі (бұдан әрі — МИБ) — коммерциялық емес ұйым болып табылатын, бір көп пәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға.
МИБ құру үшін төрт құжат қажет: МИБ атынан өтініш, иелер МИБ құру және төрағаны таңдау туралы шешім қабылданған жиналыс хаттамасы, МИБ үлгілік жарғысы және МИБ тіркелуіне 1 АЕК мөлшерінде ақы төлеу туралы түбіртек.
Басқару нысаны әділет органдарында тіркеледі.
Сұрақ: Жеделсатыларды, газгольдерлерді есепке қалай қоюға немесе есептен қалай шығаруға болады?
Жауап: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тарамғы 30-1) тармақшасына сәйкес аудан мен облыстық маңызы бар қалаладың әкімдіктерінің құзыретіне елді мекендер шекараларының шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру бойынша жұмысын ұйымдастыру кіреді.
«Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР Заңының 1-бабы 32-1) тармағына сәйкес қаупіті техникалық құрылғыларға:
бу және су жылыту қазандықтары, түтіктер, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифттер жатады.
«Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй иснпекциясы бөлімі» КММ
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің техникалық мүмкіндігін пысықтаған.
Өтінімдер «Электронды үкімет» порталы арқылы беріледі. (http://elicense.kz/LicensingContent/ServicesList?scode=2019.МИИР.Р3).
Сұрақ: Егер пәтерде қыста суық болса, қайда барып жүгінуге болады?
Жауап: Себебін анықтау үшін, бірінші кезекте үйішілік желілерді тексеру үшін ПИК-ке жүгіну қажет. Егер кемшіліктер болмаса немесе олар жойылса, провайдер тарапынан проблемалар туындауы мүмкін. "Петропавл жылу желілері" ЖШС анықтама қызметіне 152, +7 (7152) 52-26-86 диспетчерлік қызмет телефоны арқылы хабарласу қажет. Не болмаса, 109 (WhatsApp 8-777-109-109-00) нөмірі бойынша IKOMEK -109 ситуациялық орталығына жүгінсеңіздер болады.
Сонымен қатар, "Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" КММ-де апта сайын (сәрсенбі, сағат 15.00, 106 кабинет) ПИК төрағаларымен және коммуналдық қызмет өкілдерімен жылыту маусымына дайындық бойынша штаб өткізіледі.
Бұдан басқа, жылумен жабдықтаудың төмен сапасы туралы шағымдар "Петропавл жылу желілері" ЖШС өкілдерімен бірлесіп, орынға барып қаралады. Тексеру нәтижелері бойынша акт жасалады және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама беріледі.