Петропавл қаласында Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Петропавл қаласында Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Мерекелік шараға қала әкімі Серік Мұхамедиев қатысып, ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол педагогтердің жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие берудегі еңбегін ерекше атап өтіп, алғысын білдірді.

Іс-шара барысында білім саласының үздік қызметкерлері марапатталып, ұстаздарға арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.