Бүгін Петропавлда Универсальная көшесіндегі жаңа жол өткелі арқылы көлік қозғалысы ашылды

Бүгін Петропавлда Универсальная көшесіндегі жаңа жол өткелі арқылы көлік қозғалысы ашылды

Ашылу салтанатына Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов пен Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев қатысты.

Жаңа жолдың ұзындығы 1,2 шақырым. Ол айналма жолды Универсальная өткелімен байланыстырады. Бұл өткел Қараванная көшесіндегі жол өткеліне түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Қазір нысанда соңғы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта жолдың айналасын абаттандырылады.

Сонымен бірге Универсальная көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Оны келесі аптада аяқтау жоспарланып отыр.

Жаңа жол өткелі толық іске қосылғаннан кейін қаланың осы бөлігіндегі көлік қозғалысы біршама жеңілдеп, жол қатынасы ыңғайлы бола түседі.