Қала әкімінің өкімімен Айнұр Қайратқызы Шаймерденова «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ қала әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Айнұр Қайратқызы 1992 жылы 25 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Жоғары білімі бар. 2014 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2021 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын «Мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша аяқтаған, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Өңірлік кадр резервінің резервисті.
Еңбек жолын 2008 жылы бастаған. Мемлекеттік органдарда, оның ішінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, корпоративтік басқару және комплаенс саласында жұмыс істеді.