
Қала күні аясында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қала әкімімен бірге Жуков көшесіндегі 9, 11 және 13-үйлердің аулаларында жүргізіліп жатқан кешенді абаттандыру жұмыстарымен танысты.
Жұмыс барысында аулалардағы жөндеу жұмыстарының барысы қаралып, жаңа балалар ойын алаңдары, заманауи футбол алаңы және тұрғындардың демалысына арналған қоғамдық кеңістіктер таныстырылды.
Облыс әкімі мен қала әкімі тұрғындарды Қала күнімен құттықтап, зор денсаулық, амандық және береке тіледі. Сондай-ақ қала әкімі аулаларды көркейтуге белсенді үлес қосып жүрген МИБ төрағаларына алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар табыстады.
Қаладағы аулаларды абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Бұл Петропавлды тұрғындар үшін жайлы, көрікті әрі заманауи қалаға айналдыруға бағытталған.