
Мерейтойлық QYZYLJAR MUSIC FEST халықаралық фестивалінің қорытындысы ретінде қалада үлкен гала-концерт өтті. Сахнада өнерпаздар өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.
Бірнеше күн бойы фестиваль Петропавлды әсем әуенге бөлеп, қала тұрғындары мен қонақтарын бір арнаға тоғыстырды. Концерттік бағдарламалар мен шығармашылық кездесулер мәдени мерекенің ерекше атмосферасын қалыптастырды.
Өткен бес жыл ішінде QYZYLJAR MUSIC FEST Солтүстік Қазақстан облысының мәдени өміріндегі маңызды жобалардың біріне айналды. Бүгінде фестиваль талантты өнерпаздарды біріктіріп, жаңа есімдердің танылуына жол ашып, қала тұрғындары мен қонақтарына жарқын әсер сыйлап келеді.