ҚҰРМЕТТІ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

​Құрылтай сайлауы бойынша сайлау учаскелерінің және Сіздерге бекітілген учаскенің орналасқан жері туралы тұрғындарды хабардар ету мақсатында, әкімдік жанында 2026 жылғы 10 шілдеден бастап жұмыс күндері келесі телефон нөмірлері бар 8 (7152) 32-02-03/ 32-02-04 Call-center жұмыс істейді.
​Сондай-ақ, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін https://izbiratel.sko.kz сайтында «іздеу жүйесі» және https://t.me/SailauSkoBot Телеграм-бот бар, олар арқылы азаматтың қай сайлау учаскесіне тіркелгенін білуге болады.
​Сонымен қатар, егер Сіз Петропавл қаласында тұрып, әкімдік учаскелік сайлау комиссияларына азаматтардың тізімдерін ұсынғаннан кейін (2026 жылғы 2 тамыздан кейін) тіркеуден шығарылған (тіркеуі жойылған) болсаңыз немесе тіркелген мекенжайыңызды өзгерткен болсаңыз, Петропавл қаласының әкімдігі Сізге 2026 жылғы 23 тамызда ХҚКО қызметкерлері арқылы төмендегі мекенжайлар бойынша бір реттік тіркелу мүмкіндігін ұсынады:
1) Горький к-сі, 52А, №6 ОМ мекенжайындағы №667 СУ
2) Медведев көшесі, 3 мекенжайындағы № 600 СУ
3) Пугачев көшесі, 129 мекенжайындағы № 605 СУ
4) Залманов көшесі, 46/1 мекенжайындағы № 611 СУ
5), Назарбаев көшесі, 272 мекенжайындағы № 637 СУ