Петропавл қаласының әкімдігі ағымдағы жылғы 30 маусымда сағат 12.00-де Қазақстан Конституциясы к. 25 мекенжайындағы С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының ғимаратында қала әкімі С.М. Мұхамедиевтің халықпен кездесуі өткізілетінін хабарлайды.
Барлық ниет білдірген азаматтарға кездесуге Instagram әлеуметтік желісі арқылы онлайн режимде қатысу мүмкіндігі беріледі.
Сонымен қатар, өз ұсыныстарыңызды, сұрақтар мен пікірлеріңізді ағымдағы жылғы 28 маусымнан 30 маусымды қоса «Халықпен кездесу 2026» Telegram-бот қосымшасында (http://t.me/Otchetnye_vstrechy bot) қалдыра аласыз.
Сонымен қатар, кездесу өткізу күні онлайн көрсетілім кезінде 109 телефон нөмірімен «Ikomek» ситуациялық орталығында арнайы анықтама қызметі; 8 778 566 14 04 нөмірімен Whatsapp және «Халықпен кездесу 2026» Telegram-бот жұмыс істейтін болады, олар арқылы барлық ниет білдірушілер өз сұрақтарын жолдай алады.
Ұсыныстар мен ескертулер өтініш білдіруші міндетті түрде тегін, атын, әкесінің атын, мекенжайын және байланыс телефонын көрсеткен жағдайда ғана қаралатын болады.
Петропавл қаласының әкімдігі