
Жастар арасында еңбекке деген құрметпен қарауды қалыптастыру, еңбек дәстүрлерін сақтау және еселеу мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын «Еңбек жолы» конкурсын өткізеді.
Конкурсты өткізудің мақсаты — ұрпақтар сабақтастығын сақтау, кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін жағдай жасау, қазақстандықтарда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарымыздың жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату, жастарды еңбекке құрметпен қарау рухында тәрбиелеу болып табылады.
Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, меншік нысанына қарамастан барлық салалардағы кәсіпорындардың қызметкерлері қатыса алады.
Конкурс 3 номинация бойынша өтеді:
«Үздік еңбек әулеті» — марапаттар саны ең көп, ең ұзақ еңбек стажы бар және мүшелері ең көп әулет таңдалады. Еңбек әулеті — бір ұйымның бір отбасынан үш және одан да көп ұрпақты ұсынатын, қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және байқауға қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде осы кәсіпорындағы жалпы жұмыс стажы кемінде 20 жылды құрайтын қызметкерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулет басшысы деп танылады.
Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» — жұмыс стажы кемінде 20 жылды құрайтын, ең жоғары тиімділік көрсеткен тәлімгер таңдалады.
«Өндірістің үздік жас жұмысшысы» — жұмыс стажы 5 жылдан аспайтын, өндірістің ең белсенді әрі еңбекқор жұмысшысы таңдалады.
Конкурс жеңімпаздарына тиісті диплом мен ақшалай сертификаттар табыс етіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 1 шілдеге дейін «Qamqor.enbek.kz» платформасы арқылы, сондай-ақ қағаз түрінде қабылданады.
«Еңбек жолы - 2026» конкурсына қатысу қағидалары мен тәртібі туралы толығырақ ақпаратты Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан 46-22-05 телефоны немесе Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен 53-09-38 алуға болады.