
Жаздың аптап ыстығында экопарк қала тұрғындарының ең көп жиналатын демалыс орындарының біріне айналды. Мұнда балаларымен бірге отбасылар, жастар мен аға буын өкілдері уақыттарын көңілді өткізуде.
Қалада жайлы қоғамдық кеңістіктер құру — негізгі бағыттардың бірі. Бүгінде экопарк тек демалыс орны ғана емес, тұрғындардың уақытын пайдалы әрі қызықты өткізуіне мүмкіндік беретін заманауи кеңістікке айналды.
Петропавл қаласының тұрғындары мен қонақтарын экопаркке келіп, жаздың ерекше атмосферасын сезінуге шақырамыз!