Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру және Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Бұл еліміздің басты құндылықтары – Тәуелсіздікке, бірлік пен отансүйгіштікке деген құрметтің айқын көрінісі болды.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері, жастар және қала тұрғындары қатысты.

Мемлекеттік рәміздер – Қазақстанның егемендігінің, бай тарихының, мәдениеті мен ұлттық бірлігінің айқын белгісі.

Мереке құтты болсын!