27 мамыр сағат 6:00-де өңіріміздің барлық мешіттерінде Айт намазы оқылады

27 мамыр сағат 6:00-де өңіріміздің барлық мешіттерінде Айт намазы оқылады

Содан кейін құрбандық мал шалуға мүмкіндігі бар және ниет еткен мұсылмандар 27-28-29 мамыр (сағ. 6:30-дан 20:00-ге дейін) үш күн ішінде құрбандық шалады.

Жұмысшы кентінде, «Садовод» базарының аумағында, Космонавтар көшесі, 79/1 мекен-жайында құрбан малын шалуға арналған орын белгіленді. Санитарлық және экологиялық талапқа сәйкес дайындалған орында барлық жағдай жасалған.

Аталған орында жеке адамдардың мал сатуларына да рұқсат етіледі.

Сонымен бірге http://qurban.muftyat.kz/ сайтына кіріп СҚО Петропавл қаласын таңдау арқылы онлайн өтінім беруге болады.