
2008 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген конкурс жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін де, жалпы қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыруға бағытталған.
Конкурсқа қатысу тегін.
Конкурс «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» сияқты төрт номинациядан, сондай-ақ «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығынан тұрады.
Өткізілетін іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, қаланың барлық кәсіпкерлерін «Парыз» конкурсына белсенді қатысуға шақырамыз.
Толығырақ ақпарат алу үшін "Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-не Петропавл қ., Театр көшесі 36, тел. 53-09-38 хабарласуыңызды сұраймы