Құрметті қала тұрғындары!

Құрметті қала тұрғындары!

Петропавл қаласының әкімдігі ағымдағы жылғы                                       26 ақпанда  сағат 11.00-де Жамбыл к. 55А (2 қабат)                    мекенжайындағы Оқушылар сарайында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ.Т. Нұрмұхамбетовтің және қала әкімі                           С.М. Мұхамедиевтің халықпен кездесуі өткізілетінін хабарлайды.                                              

Барлық ниет білдірген азаматтарға кездесуге Instagram әлеуметтік желісі арқылы онлайн режимде қатысу мүмкіндігі беріледі.              

Өз ұсыныстарыңызды, сұрақтар мен пікірлеріңізді                       ағымдағы жылғы 25 ақпаннан 26 ақпанды қоса «Халықпен кездесу 2026» Telegram-бот қосымшасында (http://t.me/Otchetnye_vstrechy bot) қалдыра аласыз.

Сонымен қатар, кездесу өткізу күні онлайн көрсетілім кезінде 109 телефон нөмірімен «Ikomek» ситуациялық орталығында арнайы анықтама қызметі; 8 778 566 14 04 нөмірімен Whatsapp және «Халықпен кездесу 2026» Telegram-бот жұмыс істейтін болады, олар арқылы барлық ниет білдірушілер өз сұрақтарын жолдай алады. 

Сондай-ақ, 2026 жылғы 24 ақпанда сағат 10.00-де Петропавл қаласының әкімі С.М. Мұхамедиевпен және қалалық мемлекеттік органдардың басшыларымен Қазақстан Конституциясы көшесі, 25 мекенжайында орналасқан С. Мұқанов атындағы облыстық кітапхана ғимаратында «Ашық есіктер күні» өткізілетінін хабарлаймыз. 

Ұсыныстар мен ескертулер өтініш білдіруші міндетті түрде тегін, атын, әкесінің атын, мекенжайын және байланыс телефонын көрсеткен жағдайда ғана қаралатын болады.  

     

 

Петропавл қаласының әкімдігі