
Кездесу барысында Негізгі Заңның өзгерістері қарастырылды: адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, әділеттілік, заң және тәртіп қағидаттары, цифрлық трансформация, білім беру, ғылым және адами әлеуетті дамыту. Конституцияға өзгерістер енгізу тек жалпыұлттық референдум арқылы ғана мүмкін болатындығы атап өтілді.
Отырысқа қалалық мәслихат депутаттары, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, бизнес, жастар мен БАҚ өкілдері қатысты. Баяндамалармен және ұсыныстармен қоғам өкілдері мен депутаттар сөз сөйледі.
Талқылау қорытындысы бойынша ашық диалог пен қоғамның конституциялық реформалар процесіне белсенді қатысуының маңыздылығы атап өтілді.