«Шырша жануарларға көмектеседі»

«Шырша жануарларға көмектеседі»

Бүгін қаламызда республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Шырша жануарларға көмектеседі» экологиялық акциясы өтуде.

Күні бойы коммуналдық қызметтер тұрғындар алдын ала қоқыс контейнерлерінің маңына шығарған жаңа жылдық шыршаларды жинап, тасымалдауда. Жиналған барлық шыршалар «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ, Тепловское орманшылығына жеткізіліп, жануарларға азық ретінде пайдаланылатын болады.

Еске саламыз: тұрғындар шыршаларды көрсетілген мекенжайға өздері де жеткізе алады.

20 қаңтардан кейін шыршаларды рұқсатсыз тастау абаттандыру қағидаларын бұзу болып саналады, сондықтан әкімшілік шаралар қолданылуы мүмкін.