
Облыс орталығында «Халық қатысатын бюджет» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба халықтың бастамалары мен ұсыныстары негізінде қала аумағын дамытуға және абаттандыруға бағытталған.
Негізгі мақсат - бюджет процесінің ашықтығын қамтамасыз ету, жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуға мүмкіндік беру.
2026 жылдың 20 қаңтарынан 1 наурызын қоса алғанда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша облыс орталығының тұрғындарынан жобаларды қабылдау рәсімі басталады.
Жобалар Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Халық қатысатын бюджет» бөлімінде қабылданатын болады.
Халық қатысатын бюджеті шеңберінде мынадай іс-шаралар дауыс беруге шығарылады және әкімдік іске асырады:
1) аумақты көгалдандыру;
2) тротуарларды жайластыру;
3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
4) ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және өзге де объектілер);
5) бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;
7) ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
8) аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
9) санитарияны қамтамасыз ету.
Петропавл қаласының тұрғындарынан өз жобаларын ұсынуға белсенді қатысуын сұраймыз!
«Халық қатысатын бюджет» жобасына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-petropavl/bnu/1073?lang=kk